САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 28.07.2021
Оқылды: 1169
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары құм, қиыршық тас және тас өндіру объектілерін бақылау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Тексеру барысында меншік иелері СҚА шекарасында зертханалық өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды сақтамайтыны, СҚА негіздеу жобаларына, құм-қиыршық тас қоспасын қиыршық тас және басқа дайын құрылыс материалдарына қайта өңдеуге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар болмайтыны анықталды.

"Анықталған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 425,135 теңге айыппұл салынды. Өндірістік объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік істердің материалдары сот органдарына берілді. Осыған байланысты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталған департамент және аумақтық басқармалар бірлесіп, ZOOM платформасында өнеркәсіптік объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мәселелері бойынша онлайн семинарлар өткізді", - делінген санитария өкілдерінің ресми хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан