ТОЙ ӨТКІЗІП, ІНДЕТТІ ЕЛЕМЕГЕН МЕЙРАМХАНА ИЕЛЕРІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Уақыты: 20.08.2021
Оқылды: 1118
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Халықтың эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақтауын бақылау мақсатында Алматы облысы бойынша жергілікті атқарушы орган жанынан 268 мониторингтік топ құрылған. Олар күнделікті карантин талаптарының сақталуын қадағалайды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жыл басынан бері Алматы облысындағы мониторингтік топтар 142 956 нысанды қамтып, 1273 карантин режимін бұзу фактісін анықтады. Карантинді бұзғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік жазалар қолданылды. Оның ішінде, 206 кафе, мейрамхана және 55 жеке тұлғаға отбасылық, ұжымдық және бұқаралық іс-шаралар өткізгені үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар, 407 нысанға және 443 жеке тұлғаға бетперде режимін сақтамағаны үшін хаттама толтырылды.

Алматы облысында барлығы 725 нысан 83 миллион теңге, 533 жеке тұлға 23 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"