БӘЙТЕРЕК АУЫЛЫНДА ОТБАСЫМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРГЕНДЕР КӨП - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1538
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сайлау күні дауыс берушілердің арасында отбасымен келген жандар да аз болмады. Мәселен, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты №1042 сайлау учаскесіне түрік ұлтының өкілі Осман Абибов бала-шағасымен дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Олар ел тағдыры шешілетін жауапты кезеңге бейжай қарамайды.

- Қазақ пен түріктің тамыры бір. Ежелден туысқан халық. Кезінде сталиндік қуғын-сүргінде жер аударылған әке-шешелерімізді қазақтар бауырына басты.  Бір үзім нанды бөліп жеді. Міне, сол туысқандық қасиет бүгінде сол қалпында. Қазақстан дейтін үлкен қара шаңырақ біздің де Отанымыз. Оның гүлденуіне, өркендеуіне осында өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері үлес қосуда. Сондықтан бүгінгі Президенттік сайлауға отбасыммен арнайы келдім. Еліміздің ертеңі жарқын болсын, - дейді Осман Мәмедұлы.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы,

Алматы облысы