Сақтаныңыз. Текеліде қапшықты парашют ойнаған сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетті

Уақыты: 26.04.2023
Оқылды: 688
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп мәлімдейді. 

25 сәуір күні болған оқиғаның себебі де тосын. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала полиэтилен пакетін парашют етіп, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

“Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына арқасы көгерген, кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды", - деді құтқарушылар.

Осы ретте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға барынша қырағы болу керектігін ескертті.

Фото: ғаламтордан