Оқи отырыңыз
Жетісу полицейлері өңірдің балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп Алакөл көлінің бассейнінде браконьерлікпен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz дерегіне сүйеніп.
Ұсталған адам көрші Абай облысының тұрғыны болып шықты.
– Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден астам. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабында (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде дараталшық тор мен моторлы қайық іске қоса тіркелді, – деді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Балық сату үшін қабылдау пунктіне пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады.