Сақтаныңыз. Елімізде 8 өңірде үсік жүреді

Уақыты: 02.05.2023
Оқылды: 661
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 2 мамыр еліміздің 8 өңірінде үсік жүруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – найзағай, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарында – бұршақ, солтүстігінде және шығысында – тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде - шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Атмосфералық фронтаттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады.

Маңғыстау облысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр болады.

Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыс аудандардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ