Бейсен Құранбек тілінің сөздігін құрастырған мұғалім авторлық құқыққа ие болды

Уақыты: 22.05.2023
Оқылды: 865
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бұлбұл Қалықбекова зияткерлік меншік авторлық құқығының иесі атанды.

Бұлбұл Қалықбекова белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің сұхбатын жан-жақты талдаудың үлгісін жасап, Бейсен Құранбек тілінің сөздігін құрастырды.

Зерттеу «Әдеби шығарма» аталымы бойынша авторлық құқықты алды.

— Зерттеу жұмысы дарынды оқушылар Дагмара Ертанатова және Жәнібек Кенжебектің қатысуымен жүргізілді. «Айтуға оңай» ток-шоуы негізінде бағдарламалар тілінің лексика-семантикалық сипатын анықтау, тілдік қабаттарды топтастыру, стильдік ерекшеліктерін айқындау мақсаты қойылды. Жоба жоғары бағаланып, республикалық «Білім өркениети» ғылыми жұмыстар байқауында «Дарын» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды», - деді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бұлбұл Қалықбекова.