Қазақстан туралы орынсыз пікір айтқан ресейлік депутат елге кіргізілмеді – БАҚ

Уақыты: 22.05.2023
Оқылды: 659
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Қазақстанға кіре алмады кіргізбеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы"Sputnik Ближнее зарубежье" арнасы дерегіне сүйеніп. 

Белгілі болғандай, ресейлік депутатты төлқұжатты тексеретін пункт қызметкерлері Қазақстанға кіргізбей қойған. 

Оған себеп, Константин Затулин Қазақстан туралы үнемі арандатушылық  сыйпаттағы теріс пікірлер білдіріп келеді.

Айталық, былтыр күзде Қазақстанның тәуелсіздігі  мен егемендігіне қатысты даулы мәлімдеме жасаған болатын.

Ол өз сөзінде еліміздің Ресеймен арадағы саясатына сенімсіздік танытып, алдағы уақытта әлемдегі ең ұзақ құрлық шекарасы бар елдердің қарым-қатынасы қиындап, жағдай ушықса, Қазақстанның тәуелсіздігі қауіпті жағдайда болатынын айтқан еді. Оған Мәжіліс пен Сенатт депутаттары жауап берген. 

 

Фото: ашық дереккөзден