Текелі қаласында жасырынбақ ойнаған қыз бала тоққа түсіп қалды

Уақыты: 24.05.2023
Оқылды: 705
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әлеуметтік желілерде Жетісу өңіріндегі Текелі қаласында қыз баланың тоққа түскен бейне жазбасы тараған. Аталған оқиғаға байланысты  облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі болған жағдайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Анықталғандай, оқиға 24 мамыр күні болған.  Жасырынбақ ойнап жүрген қыз трансформаторлық қосалқы станцияға шығып кеткен. Салдарынан тоққа түскен. 

Аталған ресми дереккөз мәліметі бойынша, зардап шеккен қыз 2014 жылы туған. Ол қазір ауруханада ем алуда. Оқиға бақылауға алынды делінген.

"Аталған факт қалалық полицияның ақпаратты есепке алу кітабында ресми тіркелген. Жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстық департаментіне жіберілді", – дейді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Фото:көрнекілікке алынды