Жел күшейіп, шаңды дауыл сақталады: Бүгін ауа райы қандай болады?

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 794
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет әдеттегідей 25 мамыр күнгі ауа райына да болжам жасады.  Атмосфералық бөліктердің өтуімен ел аумағында ауа сапасы да тұрақсыз болады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың қалған аймақтарында солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі.

Барлық өңірде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.

Сондай-ақ Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: ашық дереккөзден