"Оған толық сенуге болады": парламенттік комисся ұлдары сотты болған Дайрабаевқа сенім білдірді

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 640
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Депутаттардың этика мәселесіне жауап беретін Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов 7 адамнан тұратын парламенттік комиссия бұл мәселені қарағанын мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Халық үні сайты дерегіне жүгініп.

Бұл кісіде проблема жоқ. Бұл мәселемен мен айналыстым, комиссия қарап, ешқандай проблемасы жоқ деген қорытыныдыға келді. Менің түсінігімде ол өте тәжірибелі және құрметті адам. Бұндай депутаттар мемлекетке керек, — деді ол.

Ұлдары жемқорлық ісі бойынша сотты болған депутатқа мемлекет бюджетін қаншалықты сеніп тапсыруға болады деген сауалға былай жауап берді.

Оған толық сенуге болады, – деді Ізмұхамбетов.

Тағы оқи отырыңыз: "Жетім қозының кейпін киген": Жигули Дайрабаев ғылымды ойыншық қылғандарды сынға алды

Фото: ашық дереккөзден