Димаш Құдайберген ерекше образымен тыңдармандарын тәнті етті

Уақыты: 11.10.2023
Оқылды: 823
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Атақты әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та бейнебаян түсіріп жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп.

Әнші Instagram-дағы аккаунтында Лос-Анджелесте жаңа әнге арналған клип түсірілімінің бекстейджімен бөлісті. Димаш Құдайберген этно стильдегі шапан киіп, өзгеше образ жасаған.

Лос-Анджелесте жаңа әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз. Баршаңызға сәтті күн тілеймін", - деп жазды Димаш видеоның астына.

Бейнежазбаның астына әлемнің әртүрлі тілдерінде екі мыңнан астам пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің жаңа туындысы жарыққа шығатын сәтті тағатсыздана күтетінін жазған.