Мерейлі мерекеде 7 сәби өмірге келді

Уақыты: 25.10.2023
Оқылды: 694
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы перинаталдық орталыққа шаһар басшысы Ернат Бәзіл арнайы барып, Республика күні дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтады.

Бұл күні орталықта 7 бала дүниеге келген. Оның 4-уі ұл, 3-уі қыз.  Жарық дүниеге сәби әкелген аналардың хал-жағдайын білген Ернат Дүйсенбекұлы ұлттық мерекеде сәби сүйген аналарға мықты денсаулық тіледі.

Дәл осы сәтте  тағы бір ананың толғағы басталып, дәрігерлер жарық дүниеге келгісі келген бөпені аман-есен тудырып алудың қамына кірісіп кетті.

Қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы мерейлі мерекеде жарық дүниеге келетіндер санының әлі де өсетініне қуанышын білдіріп, ана мен балаларға сыйлық үлестірді.

Өз тілшіміз

Фото: Руслан Қадыров