"Кінәлап отыр". Аймағамбетов еңбек нарығындағы мәселе жайлы айтты

Уақыты: 26.10.2023
Оқылды: 601
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылым BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Аймағамбетов биыл "Кәсіби біліктілік туралы" заң жобасын қабылданғанын ендігі кезек заңның сапалы іске асуы екенін мәлім етті.

Біз көбіне жұмыс берушілермен сөйлескенде олар жоғары оқу ордалары мен колледждерді кінәлайды ( автор- еңбек нарығындағы сапаға байланысты). Ал ЖОО мен колледждерді айтар болсақ, олар еңбек нарығы жұмыс берушілердің нақты талаптарын бізге жеткізбей отыр дейді. Сондықтан осы екі тарапты бір-бірімен тіл табыстыру мен білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселесі өте маңызды. Алдымызда кезек күттірмейтін мәселе кәсіби стандарттарды дайындау, – деді депутат «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, жаңартулар және перспективалар» халықаралық конференциясында.

Депутат кәсіби стандарттарды мерзімге сәйкес дайындап университтер мен колледждерге енгізу керек екенін айтты.

Егер саралы маман дайындағымыз келсе, колледждер мен университеттерге "ол маманның нақты дағдылары қандай" деген сұраққа жауап беруіміз керек. Оған жауап беретін кәсіби стандарттар, сондықтан кәсіби стандарттарды мерзімге сәйкес дайындап білім ордаларына ұсынуымыз керек, – деді Аймағамбетов.