Жаңбыр, қар: Жұма күнгі ауа райы болжамы

Уақыты: 27.10.2023
Оқылды: 470
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК 27 қазанға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады. Онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда – көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын байқалады.

Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Фото: ашық дереккөзден