«Жайлы мектептерге» тек отандық жиһаз сатып алынады

Уақыты: 27.10.2023
Оқылды: 781
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын білім ошақтарына тек отандық жиһаз сатып алынтындығын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінде қызу талқыға түсіп тұрған негізгі мәселеге тоқтала кетейін. Ол - жобаға отандық тауар өндірушілердің қатысуы. Әлеуметтік желіде бізді «отандық тауар өндірушілердің қатысуына кедергі келтіріп отыр» деген ақпарат тарауда. Барлық жауапкершілікпен мұның бәрі өсек-аяң екендігін, шындыққа сай келмейтіндігін мәлімдеймін. «Samruk-Kazyna Construction» отандық тауар өндірушілерді қолдауға міндеттеме алады», - деді ол «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы респубилкалық бюджеттен және Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатындығына назар аудартты.

«Сол себепті бұл қаражат еліміздің экономикасына жұмыс істеуі тиіс. Біз мұны толғымен қолдаймыз. Бізден «қандай кепіл бар?» деп сұрайды. Ең алыдмен Үкіметтің қаулысында «Samruk-Kazyna Construction» міндеті «Samruk-Kazyna», «Атамекен» ҰКП тізіліміне енген және СТ-KZ сертификаты бар отандық тауар өндірушілерден ғана жиһаз өнімдерін сатып алуы керектігі нақты белгіленген», - деді Ғабит Малғаздаров.

Фото: көрнекілікке алынды