КЕДЕН БЕКЕТТЕРІН АРАЛАДЫ

Уақыты: 28.10.2023
Оқылды: 850
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Біріккен Ұлттар Ұйымының Орта Азиядағы  есірткіге және қылмысқа қарсы күрес бойынша аймақтық басқармасының өкілдері Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Алтынкөл-жол», «Нұр жолы» кеден бекеттерінің және «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты.

Делегация құрамында БҰҰ Вена қаласындағы есірткіге қарсы күрес басқармасындағы шегараны басқару секторының жетекшісі Алан Коул, сол басқарманың үйлестіру бөлімінің басшысы Тофик Муршудлу, аймақтағы өкілі Ашита Миттал, Орталық Азия бойынша бағдарламаның үйлестірушісі Сардор Аташиков болды. Делегация мүшелері есірткіге қарсы күресте қолға алынып, нәтижесін беріп жатқан жетістіктерге, кедендік тексеру мен ресімдеу процестерінің заманауи талаптарға сай автоматты жүйеге көшкеніне және кеден бекетттерінің  кедендік тексерудің озық үлгідегі құралдарымен  жабдықталу мәселелеріне оң бағаларын берді.

Бекен НҰРАХМЕТОВ,
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 
«Алтынкөл-жол» кеден бекеті басшысының орынбасары