Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Уақыты: 29.10.2023
Оқылды: 604
Бөлім: КҮНДЕРЕК

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, 7-su.kz желілік басылымы бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесуде 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтқан болатын.