Талдықорғанда бір жарым мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа тұрды

Уақыты: 01.11.2023
Оқылды: 579
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жыл басынан бері 1432 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қазіргі уақытта жұмыс берушілер 277 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Олардың қажетті біліктілік дағдылары бар сипаттамасы enbek.kz. сайтында  жұмыс бөлімінде көрсетілген. Бұл  өтініш берушілерге іздеуді жеңілдетеді. Жұмысқа орналастыру «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында жүргізілуде. Осы жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2979 адам қамтылды. Қолайлы жұмыс орнын мүмкіндігінше тез табудың түрлі жолдары бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Талдықорған қаласы «Мансап» орталығы филиалының  директоры  Мәди Шәкенов айтып берді. 

«Бүгінгі  таңда  1154 адам  «Қаратал»  мүгедектер қоғамдық бірлестігі, Алматы облыстық «Қызыл ай» қоғамы, «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің мекемелеріне және басқаларына жіберілді. Биыл «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 5 адамға 3 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін 2023 жылға жергілікті бюджеттен 250 адамға 88,6 миллион теңге бөлінді», - деді Мәди Шәкенов.

Осы  жылдың 1 сәуірінен бастап 118 адам аспазшы, кондитер, шаштараз, бет, тырнақ әрлеуші, жиһаз жинаушы, әлеуметтік қызметкер, тігінші мамандықтары бойынша жолдама алды. Оның  ішінде 103 адам өз мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.