Бірінші болып дауыс берді

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 319
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Азия пара ойындарының күміс жүлдегері Асылан Нұрдәулетұлы бірінші болып Сарқан ауданы әкімінің сайлауында дауыс берді. 

Сарқан қаласының № 348 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған спортшы барша сарқандықты сайлауға белсене атсалысуға шақырды. 

"Тарихымызда алғаш рет аудан әкімі тікелей халық таңдауы арқылы сайланғалы отыр. Осынау сәтте бәріміз бір кісідей атсалысып, дұрыс таңдау жасауымыз қажет" - деді ол.