Халыққа артылатын жауапкершілік жоғары 

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 318
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін халық сайлап жатыр. Пилоттық жоба болғанымен халықтың бұл саяси додаға деген ықыласы жоғары. Бұған дейін жеке тағайындаулармен іске асқан шара тікелей сайлауға ауысқаны жөн деп санаймын.

Халық өз таңдауын жасап, өңірдің әлеуметтік-эканомикалық жағдайын жақсы білетін іскер де, білікті азаматты өздері таңдап жатыр. Бұл – шынайы демократияға қадам басу дегенннің белгісі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  сайлауға өзгеріс енгені маңызды деп санаймын.

Ел ішінде нағыз ұлтжанды, қолынан іс келетін азаматтар өте көп. Міне, сол мамандардың нағыз іске кірісіп, өңірдің дамытуға мүмкіндік туып отыр десем артық айтқандық емес. Әрине, алғашында бұл қалай болады деген оғаш ойлар да болған.

Десе де, халық саяси науханды дұрыс қабылдап, белсене атсалысқанда бағытымыздың дұрыс екенін аңғардық. Оны тұрғындардың сайлау учаскесіне келуінен білуге болады. Әкімдерді сайлау арқылы ашықтық пен халық игілігіне қызмет ететін азаматтарға жол ашамыз деген сөз. Мен бұл жобаның өміршеңдігіне және әділдігіне сенемін. Сайлаушыларға жауапкершілік пен сенім артылатыны сөзсіз.  

Марат Жакенов,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы