Президент ел экономикасының күретамыры не екенін айтты

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 515
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 12 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде ел экономикасының күретамыры не екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқанын" атап өтті.

"Батыстан Шығысқа баратын негізгі жолдар біздің еліміз арқылы өтеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Сапалы жол дегеніміз – ел экономикасының күретамыры. Біз авто және темір жол желілерін тұрақты дамытып келеміз. Биыл 850 шақырымнан астам жол салдық", – деді мемлекет басшысы.

Сурет: egemen.kz