Ғалымдар ваннаға 30 минуттан артық түсуге болмайтынын айтты

Уақыты: 13.12.2023
Оқылды: 424
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ғалымдар адамның миы, ағзасы толық демалуы үшін ваннада нақты қанша уақыт өткізу керегін анықтады,  деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Зерттеуді Victorian Plumbing компаниясы 20 қатысушымен жүргізді - 10 ер адам және 10 әйел.

Қатысушылар ваннаны әр түрлі уақыт аралығында қабылдап, шыққаннан кейін өздерін қалай сезінетінін бірқатар факторға байланысты бағалады. Сарапшылар ваннада қабылдаудың ең ыңғайлы уақыты 22 минут екенін анықтады.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижесіне сәйкес ғалымдар адам 28 минуттан кейін ағзаның сусыздануы мүмкін екенін және шомылу кезінде адамды босаңсытатын әрекет телефон экранын қозғау екенін мәлімдеді.

Ваннаның ерлер мен әйелдерге әсерінің айырмашылығы бар. Әйелдер ваннаны ұзақ уақыт, 30 минут қабылдағаннан кейін, ал ер адамдар 19 минуттық процедурадан кейін жақсы ұйықтайды. 

Дереккөз: Massaget.kz
Фото: Freepik.com