Неге 150 мың қазақстандық қол қойған петицияның күші болмайды? Вице-министр түсіндірді

Уақыты: 15.12.2023
Оқылды: 476
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров 150 мыңнан аса дауыс жинаған петицияның неге күші болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Онлайн петиция 2024 жылдың сәуірінен бастап заңды күшіне енеді, өйткені заң қазанда қабылданды, қабылданғаннан кейін 6 айдан кейін күшіне енеді. Сәуірден бастап петиция беруге барлық заңды негіз болады. Қазіргі уақытта бұл заңмен реттелмеген және қарастырылмайды", - деді Қадіров Сенат отырысында.

Оның айтуынша, 150 мың дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның Қазақстанда заңды күші жоқ.

"Әр азаматтың дауысы өте маңызды екенін түсінуіміз керек, адам "eOtinish" (азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну платформасы – еск.) арқылы өтініш беруге құқылы. Сәуірде петицияға арналған платформа жұмыс істей бастайды, қазақстандықтар өздерінің заңды құқықтарын пайдалана алады", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Оның айтуынша, мәслихат деңгейінде кемінде 2500, үкімет деңгейінде 50 мыңнан аса дауыс жинау керек.

Фото:depositphotos.com