Қазақстаннан ұшқан қарлығаш Кенияда қыстап жатыр

Уақыты: 19.12.2023
Оқылды: 629
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кения экологтары Орталық Азияның қақ ортасынан – Алматыдан ұшқан тірі қарлығашты тапқанын айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз жаңа ғана Нгулияда «Қазақстан. Алматы» Бұл шамамен 6000 км! Сериялық нөмірі L31677» деп жазылған сақинасы бар жас қарлығашты ұстадық. Мен егжей-тегжейлі бөлісуді асыға күтемін!» деп жазған A Rocha Kenya қорының экологтары.

Мысалы, Қазақстанның қырандары Меккеде қыстай алса, қоқиқаздар Ауғанстан мен Египетке ұшады. Ал қолға әрең сыйатын кішкентай қарлығаштың жер шарының жартысын ұшып өтуі керемет көрінеді.

Фото: el.kz