"Алдараспан" театры ұжымының гастрольдік сапарында Талдықорған тұрғыны театр басшысы Нұржан Төлендиевке ренішін білдірді, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада тұрғын концерттің 1,5 сағат кеш басталғанын айтты.
"Талдықорғанның азаматтарын сыйлаңыздар. 1 сағат 20 минут кешігіп, мына жерде айып етіп жатырсыздар. Мәселе мынада, халықты сыйлаңыздар. Халық сыйлағаннан кейін өсіп-өніп жатырсыңдар. Талдықорғанға екінші рет бұлай жасамаңыздар. Билетті бір ай бұрын сатты ма, бір сағат бұрын осы жерде болуларыңыз керек. Айып сізден. Сөздеріңізде тұрыңыздар", - деді ол.
Театр ұжымы тұрғындардан кешірім сұрап, ренішін білдірген тұрғынға концерт соңында шапан жапты.
Дереккөз: Massaget.kz
Фото: Видеодан алынған кадр