Қазағымның үні сенсің, домбыра

Уақыты: 19.12.2023
Оқылды: 552
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 80-ге жуық жас домбырашылары бір мезетте қазақ композиторларының әйгілі күйлерін орындады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бикен Римова атындағы драма театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылардың флешмобы өтті.

Бұл флешмоб Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде жыл сайын өткізіледі. Талдықорғандық NIS домбырашылары Нұрлан Бекеновтың «Ақжарқын ақжелең», Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай», «Келіншек» күйлерін көпшілікке паш етті.

– Күйлердің үні мен әуендері арқылы мәдени құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, батырлық аңыз-әңгімелеріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді... Қазақ домбыраны құрметті орында ұстаған, күйшілер құрметті қонақ болған. Бұл игі іс бүгінде жалғасын табуда», - деді Зияткерлік мектептің ұстаз-куратор-ұйымдастырушысы Жанар Оразбаева.