Тұман, көктайғақ, жел: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Уақыты: 22.12.2023
Оқылды: 450
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет ел аумағында 22 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Екпінді жел соғып, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел тұрып, кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі», — деп жазды синоптиктер.

Фото: serke.org