Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Уақыты: 24.12.2023
Оқылды: 532
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қоғамдық кеңес мүшелері мен мүдделі тұлғалар үшін қоғамдық мониторинг және бақылау жүргізу, бюджетті талдау бойынша дағдыларды қалыптастыру» атты  облыстық семинар өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестер мен қауымдастықтардың төрағалары, өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, әртүрлі деңгейдегі депутаттар қатысып, келелі мәселелерді талқылады. 

Жиынды Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерғазы  Қошанбеков баяндама жасап, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов Алматы қаласының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде қоғамдық кеңестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары туралы тренинг жүргізді.

Баяндамашылардың айтуынша, қазіргі уақытта Жетісу облысында 11  қоғамдық кеңес әр салада тиісті  жұмыс атқарып, өңірдегі қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуда. Биыл облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша арнайы жоба іске асырылды. Жалпы  облыс бойынша 10 семинар, 10 диалог алаңы өтіп, өңірлердегі мәселелер талқыланды. 

Семинар аясында Қазақстан Республикасы «Қоғамдық бақылау туралы» Заң тараптарын түсіндіру,  қоғамдық кеңес мүшелері мен мүдделі тұлғалар үшін қоғамдық мониторинг және бақылау жүргізу, бюджетті талдау бойынша дағдыларды қалыптастыру туралы оқулар өтіп, қатысушыларға кітапшалар таратылды.
Тіл сарайында өткен семинар осы мақсатты істердің нәтижесін қорытындылап, озық тәжірибелермен бөлісуге арналды.  Сол барыста әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде қоғамдық кеңестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары туралы айтылып, қоғамдық кеңестердің нақты қызметі туралы азаматтарды ақпараттандыру және халықпен байланыс бөлігінде әлеуметтік желілерде жұмысты жандандыру үшін қоғамдық кеңес мүшелерін SMM оқыту жүргізілді.

Қ. ОМАРАҚЫН