«БІРЛІК» МАРАФОНЫ ӨТТІ

Уақыты: 28.04.2024
Оқылды: 260
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының және Достық үйінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай спортсүйер қауым арасында марафон өтті. Негізгі мақсат – өскелең ұрпаққа спортты насихаттай отырып, саламатты өмір салтына баулу.

Шараға 300-ден астам марафоншы қатысты. Жексенбілік таңды саламатты өмір салтымен бастау жетісулықтар үшін үрдіске айналып барады. Бұл жөнінде облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Рүстем Қалиев:

– Дәл осындай марафонды жиі ұйымдастырып тұрмақпыз. Жоспарда тұрғандары бар. Одан тыс әр сенбіжексенбі күндері Талдықорған тұрғындары арасында түрлі шара өткізіліп, халықты салауатты өмір салтымен айналысуға шақыру істері жүзеге асып келеді. Бүгінгі марафонды мерекеге арнап, сый-сияпат мөлшерін ұлғайтып, сән-салтанатын келістірдік, – дейді.

Қатысушылар «Жастар» спорт сарайынан бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратына дейінгі шақырымды басып өтті. Мәре сызығын алдымен қиып өткендер арнайы грамота, медаль және сыйлықтармен марапатталды.

Қали АСҚАР
Фото: the-challenger.ru