Қуандық Бишімбаев басты сот отырысына неге келмеді

Уақыты: 29.04.2024
Оқылды: 286
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін сағат 10:00-де басталуы тиіс экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы түстен кейінге қалдырылды. 

Сот залында айыптылар Қуандық Бишімбаев пен Бауыржан Байжановтың болмауына байланысты судья сот отырысын кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.

«Басты сот отырысы сағат 14:30-ға қалдырылады, өйткені айдауыл қызметі сағат 12:00-де келеді, ар жағында бір сағат қалады, ол жеткіліксіз», - деді Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ, судья күдіктілерді жеткізетін айдауыл қызметінде техникалық ақау болғанын айтты.

Коллаж: Kazinform / Pixabay