"САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!" ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚЫТАЙДАҒЫ ТЫҢДАРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Уақыты: 05.03.2020
Оқылды: 2237
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавирустың ошағы - Қытайдың Ухан қаласындағы мың сан тыңдарманына үндеу жасады.

Әнші үндеуін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Димаш Құдайбергеннің айтуынша, ол Weibo әлеуметтік желісіндегі дәрігерлердің Dimash және Dears деп жазылған ақ халатта жүрген суреттерін көрген.

- Қазір Уханда адамдарды коронавирустан құтқарып жатқан Dears дәрігерлерінің суреттерін көрдім. Таяуда барлығы аяқталады деп сенемін. Сақ болыңыздар, - деп жазды Димаш Құдайберген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"