Қапшағай көлінде дауыл тұрып, бірнеше балықшы жағаға жете алмай қалды. Оларды төтенше жағдай қызметкерлері құтқарды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.
«Қапшағай өңірі жедел-құтқару жасағының құтқарушылары патрульдеу кезінде жағалаудан үш шақырым жерде қалған балықшыларды құтқарды. 4 адам мұз ойығынан балық аулап жүрген. 65, 45, 44 және 36 жастағы ер адамдар (Қапшағай және Алматы қалаларынын тұрғындары) қатты желде жағаға жете алмаған», - делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, құтқарушылар «Славир-9У» ауа жастықшасы бар арнайы кеме көмегімен азаматтарды жағаға эвакуациялады. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылап, дауыл кезінде алыс жолға және мұз үстіне шықпауға шақырады.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"