САПАЛЫ ЗАТТАР САТАДЫ

Уақыты: 10.06.2024
Оқылды: 329
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Сабын, сусабын сияқты тұрмыстық заттарды кез келген уақытта қолданамыз. Оларды қазір дүкен сөрелері мен базардан қиналмай табуға болады.


Соның бірі – Талдықорған қаласындағы «МойДоДыр» деп аталатын дүкен. Оны жеке кәсіпкер Айымгүл Ақмолдина ашып отыр. Кәсіпкерлік қызметін 2014 жылы бастаған ол алдымен сатушы қызметін атқарып, шаруашылық тауарларын саудалаған. Осылайша тәжірибе жинап, кейіннен өзінің жеке ісімен айналысуды ұйғарған. 

Айымгүл Дәулетқызының айтуынша, бүгінде оның сапалы тауар түрлерін тасымалдайтын сенімді жеткізушілері бар. Қолға алынған жұмысының нәтижесі жаман емес. Кәсіпкерлік ісінің тасы өрге дөңгелеп, жемісін бере бастады. Сөйтіп, ол 2015, 2017 және 2020 жылдары Талдықорған қаласында «МойДоДыр» шаруашылық тауарларын сататын бөлімдер ашты. 

Қазіргі таңда қаладағы дүкендер желісі өте танымал. 

Айымгүл кәсіпкерліктің өрісін кеңейту мақсатында биыл «Даму» қорына жүгініп, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде «Forte Bank» АҚ-да айналым қаражатын толықтыру үшін субсидиялау құралын қолдана отырып, несиеге қол жеткізді.

Бүгінде бұл дүкеннің тұрақты тұтынушылары бар. Ондағы химиялық тұрмыстық заттардың бағасы қолжетімді әрі сапасы да күмән келтірмейді.

А. Ыбырай
Талдықорған қаласы