ҚҰЛЫБАЕВТАР АЛТЫН БАНТКІ ТОЛЫҒЫМЕН САТЫП АЛДЫ МА№ БАНК ЖАУАБЫ

Уақыты: 11.06.2024
Оқылды: 372
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Құлыбаевтар "Altyn Bank" АҚ-тың ірі қатысушылары болды. Мұны қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. 


7 маусымда Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваның "Altyn Bank" акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесін беру туралы қаулылар қабылданды.

2023 жылдан бастап "Банктер және банк қызметі туралы" заңға түзетулер күшіне енді. Соған сәйкес мәртебесі бар тұлғалар  банктің ірі қатысушысы ретінде танылу үшін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің рұқсаты керек. Осылайша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оларға мәртебе берді.

Десе де банк "Altyn Bank" АҚ акционерлерінің құрамы өзгермегенін айтады.

"Altyn Bank" АҚ акционерлерінің құрамы: 

  • China CITIC Bank Corporation Ltd. – 50,1%

  • Halyk Bank – 40%

  • China Shuangwei Investment Co., Ltd – 9,9%

Бұл туралы қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетов Telegram-арнасында ойын айтты.

"Тимур мен Динара Құлыбаевтар – әу бастан корпоративтік жолдар арқылы "Алтынның" акционерлері. Олар Almex-тің үлесіне ие. Almex Халық банкіне иелік етеді, Халық Банкі Altyn Bank акцияларының үлесіне , яғни 40%-на иелік етеді. Оның негізгі акционері –қытайлық CITIC, белсенді инвестор”, – деді Рысмамбетов.

Айтуынша, ақпарат "акцияны сатып алуға рұқсат" кері мерзіммен берілді. Себебі ол Халық банкке HSBC банкінің 100% сатып алуға рұқсат берген кезде қарастырылған. 

“Altyn банк CITIC және Halyk компанияларына тиесілі болса, Halyk өз кезегінде Almexке (жай акциялардың 69,52%) тиесілі. Almex өз кезегінде жеке тұлғаларға тиесілі", – деді ол.