ТАРИФ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Уақыты: 13.06.2024
Оқылды: 349
Бөлім: ЭКОНОМИКА

2024 жылдың 1 маусымынан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне ұсынылған қорытынды негізінде «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-нің заңды тұлғалар үшін электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтерінің шекті бағасы төмендетілді.  


1 кВт.сағ. үшін 38,50 теңгеден 32,60 теңгеге қысқарды. Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды. Еске сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Жетысу Энерготрейд» ЖШС) ауысуы болды. Бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту үшін тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті. Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған облыстың заңды тұлғаларының «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасауға мүмкіндік бар.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу
 комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті