ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Уақыты: 23.06.2024
Оқылды: 325
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды өткізу тәртібі Қазақстан Респуб- ликасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы №73 бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларымен айқындалған (бұдан әрі - Қағида).

Табиғи монополиялар субъектілерінің барлық сатып алулары осы үшін бөлінген сауда алаңдарында электрондық форматта жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Бүгінгі күні Қағидаға отандық өндірушілерге бағаны шартты түрде 10%-ға төмендету түрінде сатып алудың басқа қатысушыларына қарағанда артықшылық беретін өзгерістер енгізілді.

Осылайша, отандық тауар өндірушілер табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу кезінде артықшылыққа ие болды.

Бұл түзетулер отандық бизнес үшін жаңа перспективалар ашатыны сөзсіз.

Табиғи монополияларды реттеу
 комитетінің Жетісу облысы 
бойынша департаменті