Жетісу облысында астық жинау науқаны басталды

Уақыты: 23.07.2024
Оқылды: 319
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысында егін ору жұмыстары 8 шілдеден басталып, жалғасуда. Бүгінгі күнге 25,4 мың гектар дәнді дақылдар орылып, 63,7 мың тонна астық бастырылды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, осы жылы облыста 956 мың тонна дәнді дақылдар жинау жоспарланып отыр.

Өнімді тазалауға арналған машиналармен қамтылған 92 қырман және өнімді сақтауға сыйымдылығы 713,5 мың тоннаға арналған 487 қойма бар. Сонымен қатар, астықты жинауға 1139 дана комбайн қатысуда.

Суретті түсірген Дмитрий Ерофеев