Қамба өнімге толды

Уақыты: 25.07.2024
Оқылды: 284
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Аудан бойынша ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 6 айдың қорытындысы бойынша 6471,5 миллион теңгеге жетті. 

2024 жылы ауылшаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 31382,1 гектарды құрайды. Биыл 10500 гектар дәнді дақыл, 11182,1 гектар майлы дақыл және 2337 гектар қант қызылшасы, 864,1 гектар картоп, 984 гектар көкөніс және бақша дақылдары, 5514,4 гектар мал азығы егілді. 

Қант қызылшасы дақылына 2337 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. 2250 гектар қолмен шөптеліп, минералды тыңайтқыштар берілді. Қопсыту, суғару жұмыстары 100 %-ға орындалды. 

Аудандағы егінге орақ түсті.   Жиналған 680 гектар бидайдан 1395 тонна, 520 гектар арпадан 1094 тонна өнім алынды. Барлығы 2489 тонна қамбаға толтырылды. 

Аружан ЖАҚЫП
Көксу ауданы