даму үстінде

Уақыты: 21.06.2018
Оқылды: 1094
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Облыста мемлекеттік бағдарламалардың арқасында туризм дамып келеді. Талдықорғанда туризм саласындағы кемпингтер мен бассейндер және жазғы демалыс алаңдары көбірек пайдаланылады. Өйткені, мұндай демалыс адамға күш беріп, қуаттандырады.

Осыған байланысты «Жемчужина Семиречья» ЖШС компаниясы туралы әңгімелекпіз. Аталмыш серіктестіктің басшысы Қарлығаш Жұмабаева осыдан сегіз жыл бұрын осы компанияны ашып, жалпы алаңымен 2 гектар жер мен қонақүй сатып алды. «GREEN VILLA Hotel and SPA» қонақүйі Талдықорған қаласының орталығында орналасқан. Қонақүйде қолайлы бағада өте ыңғайлы және жайлы нөмірлер бар. Қонақтар үшін бұл кешенде SPA салоны мен мейрамхана қызмет көрсетеді. «Бизнес бастау оңай емес. Кәсіпкерлікті дамытуға несиенің зор көмегі тиді», – дейді Қарлығаш Жексембайқызы. 
– Қонақүй кешенінің аумағы демалуға ыңғайлы болғандықтан сол жерден кемпинг және жазғы алаң мен бассейн ашып, кеңейтуді ойлап отырмыз. Бірақ, мұндай кешендерді дамытуға инвестиция қажет. «Даму» қорында жеңілдікті бағдарламалар туралы естіп, білдім. Сөйтіп, несие алдым, – дейді кәсіпкер келіншек. 
Осылайша, кәсіпкер шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы бойынша 7 жылдық пайызбен қаржыландыру алды. Бұл қаражатқа ол қонақүй кешенін салуды және жабдықтауды жоспарлап отыр. Ол жерде 2 бассейн, кемпинг, жазғы алаң салынатын болады. 
«Даму» қорында кез келген істі жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерге  егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларды сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ.