БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: КЕДЕНДІК ҚҰН ИНДЕКСІ ҚАЛАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ?

Уақыты: 05.03.2020
Оқылды: 1350
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тауарлардың сыртқы-экономикалық айналымының ұлғаюын есепке ала отырып, қазіргі кезде, кеден органдары кедендік бақылау объектілерін және тәуекелдерді азайту шараларын анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланбақ.

Тәуекелдерді басқару жүйесі болып кеден органдарының негізгі мақсаттарын жүзеге асыру үшін жүзеге асыратын іс-шаралар болып табылады, соның ішінде, негізгі іс-шаралар:

- кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету;

- деңгейі жоғары тәуекел салаларына назарды шоғырландыру және кеден органдарыныңресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

- тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдайлар жасау.

Тәуекелдерді басқару іс-шараларын жүзеге асыру барысында, кеден органдары, декларацияланған тауарлардың статистикалық деректері бойынша есеп жүргізетін «Астана-1» ақпараттық жүйесін көбінесе қолданады.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін «Астана-1» ақпараттық жүйесінде тәуекелдерді азайту және жол болдырмау үшін тиісті шаралардықолдану туралытәуекелдер бейіндері құрастырылған. Кедендік құн тәуекелдер бейіндерінде, тауарлардың шығарылу елін есепке ала отырып, СЭҚ ТН 10 белгі деңгейіндегі тауарлардың әрбір коды бойынша кедендік құн индексі белгіленген.

Кедендік құн индексі (КҚИ) – бұл 1 келі тауардың АҚШ долларындағы бағасы, яғни, тауардың жалпы статистикалық бағасының жалпы нетто салмағына тең ара салмағы (КҚИ = стат. баға/нетто салмақ).

Кеден органдарының лауазымды тұлғалары, кедендік құн индексін әкелінетін тауарлардың кедендік құнын сараптау, тауарлардың кедендік құнын кемітіп көрсету салдарынан бюджетке түсетін кедендік төлемдер мен салықтардың азаюына жол бермеу мақсатында қолданады.

Ұқсас және біртекті тауарларды әкелу шарттары бірдей жағдайда кедендік құнның төмен белгілері анықталған жағдайда, мысалы: «Астана-1» ақпараттық жүйесіндегі кедендік құн индексінен төмен бағада тауарлар декларацияланған кезде, кеден органы тауарлардың кедендік құнын қосымша тексеру туралы шешім қабылдайды.  

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті