Референдумнан сырт қалмайды деп сенеміз – Ермек Келемсейіт

Уақыты: 02.09.2024
Оқылды: 207
Бөлім: МІНБЕР

Елдің өркендеуі, мемлекеттің қарқынды дамуы алға қойған меже-міндеттерге тікелей байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы жолдауы көптеген мәселенің түп-тамырын, өзегін ұғындырғандай болды.

Негізгі тақырыптардың қатарында көпшілікті алаңдатқан атом электр стансысын салу мәселесін бүкілхалықтық референдум арқылы шешу керектігін түсіндірген мемлекет басшысы бүгінгі адамзатты тығырыққа тіреген энергия тапшылығына тоқталып өтті. Қазірдің өзінде бір ғана Екібастұздағы энергия қуатының жетіспеуі көптеген мәселенің бетін ашты. Жолдаудае: «Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр» – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы далалық сөз еркіндігін ұстанған халқымыздың ұлттық мүдделері ескерілуі тиістігін, соған сай жалпыұлттық референдум өткізу мерзімін 6 қазан деп бекітетінін жеткізіп, тиісті Жарлық қол қоятынын атап өтті.

Расында ұлттың болашағы үшін аса маңызды мәселені шешу кезек күттірмеуі тиіс. Сол себепті, Үкіметтің ұсынысын қолдайтынын атап өткен Президент халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір орнату ісі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасынан бастау алатынына назар аудартты. Қоғамның ойы мен пікірін ескерудің маңыздылығы кейде осындай қарапайым қадамдардан анық көрінеді. Сондықтан, мен Алтай мен Атыраудың, Хантәңірі мен Ташкенттің арасын алып жатқан Ұлы Даланың ұландары алдағы бүкілхалықтық референдумнан сырт қалмайды деп сенеміз.

Сізде тағдыршешті қадамға үлес қосыңыз, құрметті ағайын!

 

Ермек Келемсейіт,

Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Фото Коллаж: Ulysmedia