ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕСІРТКІ САТАТЫН ЕР АДАМДЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ

Уақыты: 21.12.2021
Оқылды: 1462
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданында полицейлер есірткі заттарын сататын және сақтап жүрген күдікті ер адамды ұстады. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Полиция департаментіне Талғар ауданы Жаңақуат шағынауданының 46 жастағы тұрғыны С.есімді азаматтың қылмыстық әрекеті туралы жедел ақпарат келіп түсті, ол Қазақстан Республикасының аумағында есірткі құралдарын сақтауға және өткізуге тыйым салынғанын және заңмен жазаланатынын біле отырып, есірткі құралдарын – гашишты заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысқан.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жеке тінту кезінде күртешесінің қалтасынан салмағы 8,59 грамм гашиш есірткісі деп танылған зат табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, "Тойота Камри" автокөлігін тінту кезінде полиция қызметкерлері "Фокс" атты қызметтік іздестіру итін пайдаланып, тағы да есірткі затын тапты. Сараптама бойынша алынған заттың салмағы 441,23 грамм гашиш болып шықты.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша тіркелді. "Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтау және тасымалдау бабы бойынша іс қозғалды. Алынған дәлелдердің негізінде халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы аса ауыр қылмыс жасаған С.есімді азамат күдікті деп танылды, тергеу судьясы оған сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"