Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІК АУДАРЫЛЫП, ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 21.09.2022
Оқылды: 607
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Панфилов ауданында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы 20 қыркүйек күні "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" тас жолының 273-нші шақырымында болған. Онда "Lexus-470" автокөлігі аударылып кеткен. Көлік салонында оқиға орнында қаза тапқан үш адам болған. Қайтыс болғандардың екеуі 39 жастағы және 37 жастағы ерлі-зайыптылар. Үшінші тұлғаның жеке басы анықталуда.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Олар барлық мән-жайды және көлік тізгінінде кім болғанын анықтап жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"