Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛДЫҚОРҒАНДА 24 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 536
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«ДӘРМЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жетісу облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақтағы ірі кәсіпорындардың біріне тексеру жасап, 20 тоннадан астам «күкірт қышқылын» сақтау тәртібінің бұзылғанын анықтады.

Кәсіпорын басшысына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 427-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері республикалық жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 1,46 грамм болатын «a-ПВП пирролидин» синтетикалық есірткісінің бірнеше дозасын тәркіледі.

Жеке тінту кезінде анықталған синтетикалық есірткіге орай ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"