КІТАП СЫЙЛАДЫ

Уақыты: 20.05.2024
Оқылды: 541
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Тамыры терең, тарихы кенен Көксу ауданына биыл 80 жыл. Мерейлі мерекеге орай тарихшы, өлкетанушы, жерлес атамыз Құлтай Нұрқалбайұлы аудандық кітапханаға кітап сыйлады. 


«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында ХV ғасырда қазақ хандығының негізін құрушылардың бірі, елін, жерін жаудан қорғаған қолбасшы, би, көсем, шешен Орақты батыр Алшағырұлының 600 жылдығына орай шыққан «Ұрпаққа ұран болған Орақты батыр» атты зерттеу кітабын ұсынды. Жас ұрпақты тағылымды тарихтан нәр алуға шақырған ақсақал «Жалайыр тарихынан» атты сериямен шыққан көптомды зерттеу еңбектерін, «Қазақ тарихының атасы» атты деректемелерді, «Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Қазақ тарихының көшбасшысы» атты Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың қазақ ғылымының дамуына қосқан еңбектері мен туындылары жайлы жинағын және библиографиялық көрсеткіштерін тарту етті.  

Құлтай Нұрқалбайұлының сыйға тартқан 15 кітабы аудандық кітапхананың кітап қорына енді. 

Гауһар ҚОСЫМҚҰЛОВА, 
Көксу аудандық кітапханасының 
қызметкері