ШЕБЕРЛІГІН ТАНЫТСА ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ

Уақыты: 21.05.2024
Оқылды: 512
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Облыста техникалық және кәсіптік білімнің  мәртебесін көтеру және жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «WorldSkills Zhetysu -2024» аймақтық чемпионаты  басталды. Білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялармен трендтер жасауға мүмкідік туғызған бұл доданың ел игілігіне қосар үлесі зор болмақ.


Шара шымылдығы сән-салтанатпен түрілді. Ән айтылды, би биленді. Ең бастысы облыс әкімінің орынбасары  Мәрлен Көлбаев «WorldSkills Zhetysu -2024» чемпионатының маңыздылығана тоқталып, пайдалы тұстарынан ақпар берді. «Жастарды осы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырамыз. Өйткені бұл қозғалыс халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады» деген Мәрлен Қапашұлы, сөз соңында чемпионатқа қатысушы жастарға білім мен шеберліктерін дәлелдеп шығуға  тілектестігін жеткізді.

Бұл додада Жетісу өңірінің 22 колледжінен 180-ге жуық болашақ жас маман  байқаудың 28 құзіреттілігі бойынша бақ сынаспақ. Сонымен қатар мұнда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарымен Алматы қаласынан, одан бөлек Қырғызстанның білімгерлері де өнерлерін ортаға салады. 

Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты осы айдың 20-24 мамыр аралығында «Web-технологиялар», «Бизнес үшін  ІТ шешім», «Графикалық дизайн», «Инженерлік графика Cad», «Ақпараттық кабелдік желілер», «Кондитерлік іс», «Шанақ жөндеу», «Кескіндеме және сәулет өнері», «Шаштараз өнері», «Наубайхана ісі», «Аспаз ісі», «Бастауыш сыныптарда білім беру», «Прототиптеу», «Ұялы қосымшаларды бағдарламалау», «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету»,  «Дәнекерлеу технологиялары», «Ақпараттық кәбелдік желілер» «Сән технологиясы», «Электромонтаждық жұмыстар», «Электроника», «Әлеуметтік медициналық күтім», «Қонақ үй-ресепшионист», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Жиhаз өндірісі», «Видеомонтаж», «Ветеринария», «Бұлттық технологиялар», «Киберқауіпсіздік»  құзіреттіліктері бойынша Талдықорған сервис және технология, Талдықорған агро-техникалық, Талдықорған гуманитарлық-техникалық, Талдықорған жоғарғы медициналық, Көксу ауылшаруашылық, Текелі кәсіптік, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледждер мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті колледжінің және Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының базаларында өткізіледі. Осы жерлерде кімнің мықты екені анықталады. Оларға 173 сарапшы төрелік етеді.  Ал, жарыс жеңімпаздары қараша айында Астанада өтетін Ұлттық чемпионатқа жолдама алады. Бұл жарыс аймақтағы техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мысалға келтіретін болсақ Вэп бағдарламашыны алайық. Веп бағдалармашы өзіне қатысты 2 модуль бойынша күніне 6-8 сағатан өзінің құзірттілік тапсырмаларын орындайтын болады. Яғни Вэп парақшаны жаңадан бастап жинақтай оытырып, толықтай құрып шығады. Сол ісін бас сарапшы бас сарапшының орынбасары және тәуелсіз сарапшылар жұмысын бағалайтын болады, – дейді Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Шыңғыс НҰРҒОЖАЕВ.

Айта кетейік, облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілетін аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты колледж студенттерінің шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтауға бағытталған.

Медет ЖҰМАБАЙ