АЗИЯ АЛТЫНЫН ЕНШІЛЕДІ

Уақыты: 10.06.2024
Оқылды: 443
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Бағы мен бабы жарасқан, тұғырдан көрінген жас өскіннің жетістігі «Ұрпақ – ұлттың болашағы» дейтін қазақ жұртына  ортақ қуаныш. Осы орайда талдықорғандық Айым Қанағатова есімді оқушының Азия турнирінен олжалы оралуы жетісулықтарға ортақ мерей екені анық.  


Талдықорған қаласындағы №4 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Айым Әсетқызы Тәжікстанның астанасы Душанбеде өткен «Азия-турнирі» ATF 12U Team Competition-Supported by KTF жарысында алтыннан алқа тағынды.

Теннистен өткен аталмыш жарыста жерлесіміз Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстанның қыздарын жеңіп,  кәсіби деңгейде өзінің мықты екенін дәлелдеп қайтты.

Айым өз жасында Қазақстан Республикасының чемпионы, теннистен республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының абсолютті чемпионы екенін айта кеткен жөн. Оқуда жүйрік, жарыста жеңімпаз әрі теннистен ел құрамасының мүшесі болған жас саңлақты аталған жеңісімен зор ілтипатпен құттықтаймыз! 

АРДА БИ