БАЛАҒА АЙТЫЛУЫ ТИІС ҮШ СӨЗ

Уақыты: 14.07.2024
Оқылды: 853
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Балаға күнделікті көңіл бөлген жөн. Ата-анасы оларды жақсы көретінін әрдайым айтып отыруы тиіс. 


Яғни, бұл жасөспірімнің болашақта елеулі жетістікке жетіп, биіктен көрінуіне үлкен септігін тигізеді. Ата-ананың балаға қолдау танытуы, сондай-ақ, өзіне және өз қабілетіне деген сенімді қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Мәселен, балаңызды балабақшаға немесе мектепке апарар алдында төмендегі 3 сөзді айтқан пайдалы:
I.  Балам жетістікке жетеді
Бұл сөзді естіген баланың өзіне оң көзқарасы қалыптасып, 
жетістікке жетуіне сенімі артады. Мұндай қолдау ата-ана ұрпағы үшін өте қажет.

II.  Жіберген қателігіңе алаңдама
Мұндай жағдайда балаға «қателіктер жіберіледі, оған алаңдаудың еш қажеті жоқ. Бұл жолы қателессең, келесіде ол қайталанбайды. Бастысы, әрекет етуден қорықпа!», деп сөзді жұмсарта отырып, баланың жіберген қателігін мейіріммен түсіндірген дұрыс.

III.  Біз сені жақсы көреміз
Балаға осындай махаббат сөздерін арнап отырғанның маңызы ерекше. Бұл ешқашан артық етпейді. Өйткені, ол ата-ананың баласын қолдайтынын және әрқашан көмекке келуге дайын екенін білдіреді.