"ҚҰДАЙ ҚАЛАСА": ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰШҚЫШТАР ОСЫЛАЙ СӨЙЛЕЙ БАСТАДЫ

Уақыты: 25.11.2019
Оқылды: 1708
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Желі қолданушысы Абай Сейфоллаұлы "Facebook" парақшасында Алматы-елорда бағытындағы ұшақ командирі: "Ассалаумағалейкум, құрметті жолаушылар! Құдай қаласа, сағат 10:25-те Нұр-Сұлтанда боламыз", - деп хабарлағанын жазып, өз пікірімен бөлісті.

"Мен де ішімнен "бісмілләмді" айтып, белдігімді тас қылып бекітіп алдым. Әуеде ұшақ жоғары турбуленттілікпен бір-екі сілкіп қорқытқаны болмаса, аман-есен қондырды. Бірақ командирдің: "Нұр-Сұлтанда ауа райы жақсы, минус 20 градус", - дегенін түсінбедім. Минус 40 болмағанына шүкіршілік еткені шығар?" - дейді Абай Сейфоллаұлы ойын ары қарай жалғап.

Постқа "Иманды "Эйр-Астана" деген тақырыппен хэштег қойылған. Постқа 20 шақты желі қолданушысы пікір қалдырған. Жүзге жуық адам "ұнайды" деген лүпіл басқан. Пікір қалдырушылардың бір тобы бұл бастаманы қуана қолдап жатса, енді бірі керісінше, қорқатынын жеткізген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"